Шведова Таиландтағы жарыста жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова.

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Хуахинде (Таиландт) аяқталған WTA EA Hua Hin турнирін ұтып алды.

Әлемнің 82-ракеткасы саналатын Шведова финалда әлемнің 203-ракетасы жапониялық Наоми Осаканы үш сетте жеңді - 6:4, 6:7, 6:4. Матч 2 сағат 52 минутқа созылды.

Бұл - Ярослава Шведованың биылғы маусымдағы алғашқы жеңісі. Ол сәуірде Колумбия астанасы Боготада өткен жарыстың финалына шығып, бразилиялық Телиана Перейрадан ұтылып қалған еді.