ШЫҰ антитеррорлық жаттығулары Қырғызстанда өтеді

ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер президенттері. Көрнекі сурет

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қытай орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары Сюй Цилянмен кездесуде Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің «Бейбіт миссия» антитеррорлық жаттығулары 2016 Қырғызстанда өтетінін хабарлады.

Тараптар ШЫҰ шеңберінде аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бірігіп шешудің маңызының күн санап артып бара жатқанын атап көрсеткен.

Сонымен қатар «Бейбіт миссия» ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер әскери күштерінің бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығуларының жоғары тиімділігі айтылған.

ШЫҰ - 2011 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қрығызстан,мен Өзбекстан басшылары құрған халықаралық ұйым. 2015 жылғы 10 шілдеде бұл ұйымға Үндістан мен Пәкістан қосылған.