Кабардин-Балқарда оннан аса күдікті өлгені хабарланды

Ресей федералдық қауіпсіздік күштері қызметкерлері күдіктілерге қарсы операция жүргізген жерде тұр. (Көрнекі сурет.)

Ресей федералдық қауіпсіздік күштері Солтүстік Кавказ аймағындағы Кабардин-Балқар республикасында атыс барысында оннан аса күдіктінің көзін жойғанын хабарлады.

Ұлттық антитеррорлық комитет 22 қарашада Нальчик қаласының төңірегінде үкімет күштеріне қарулы қарсылық көрсеткендер – «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының мүшелері деп мәлімдеді.

Ресейдің «Интерфакс» агенттігі таратқан ақпаратта Нальчик маңында бүгін болған шайқаста 11 күдіктінің мерт болғаны айтылған.