Жаңа Орлеанда атыстан 16 адам жараланды

Атыстан кейін оқиға орнында жүрген полицейлер. АҚШ, 22 қараша 2015 жыл.

АҚШ-тың Луизиана штатындағы Жаңа Орлеан қаласында паркте атыс болып, 16 адам жараланып ауруханаға түсті.

Полицияның хабарлауынша, қарулы екі топ арасында атыс басталғанда паркте бейнеклип түсіруге жиналған 500-ге тарта адам болған. Атысқа қатыстылардың ұсталғаны жайлы ақпарат жоқ.

Полиция атыс бандалық топтар арасындағы кикілжіңнен шықты деуге әлі ерте дейді.