Израиль жаңа "Барак-8" зымыранын сынады

Израиль әскери зымыраны. (Көрнекі сурет.)

Израиль «Барак-8» зымыранын сынақтан сәтті өткізді. Израиль қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған DPA агенттігінің хабарлауынша, «қорғаныста қолданылатын зымыран» ашық теңіздегі әскери кемеден бірінші рет ұшырылған.

Үндістанмен бірлесіп жасалған «жер-ауа» типіне жататын зымыран «Израиль кемесіне қауіп төндірген жаудың ұшағы» рөлін атқарған, орташа жылдамдықта ұшып бара жатқан ұшқышсыз басқарылатын аппаратты атып түсірген.

Израиль қорғаныс министрлігі өкілінің айтуынша, «Барак-8» зымыранын сынау «қауіп-қатер артып келе жатқанда аймақта сенімді қорғаныс жүйесін құруға жасалған маңызды қадам» саналады.

Израиль армиясындағы дереккөзінің хабарлауынша, жаңа зымыранның ұшу радиусы 20 километрден 120 километрге дейін жетеді.