Дағыстанда тағы бір имамды атып кетті

Дағыстан картасы. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің Дағыстан республикасындағы Хасавюрт ауданында жергілікті имамды өлтіріп кетті. Дағыстан полициясының хабарлауынша, белгісіз қарулы адамдар имам Сулейман Кокрекскийді 1 желтоқсан күні кешке жақын атып кеткен.

Кокрекский Дағыстанда соңғы айларда қастандықтан өлген үшінші имам болып отыр. Тамызда имам Замирбек Махмудов, қыркүйекте – Магомед Хидировты атып кеткен еді.

Дағыстанда исламшыл бүлікшілер полицияға, жергілікті билік өкілдері мен исламның дәстүрлі саналатын бағытын ұстанатын дін өкілдеріне жиі шабуыл жасайды.