Қытайдың Шыңжаң аймағында жер сілкінді

Көрнекі сурет.

Бүгін таңертең Алматыдан шығысқа қарай 645 километр қашықтықта 5,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.

Астана уақыты бойынша 4 сағат 59 минутта тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, 5 километр тереңдікте болған.

Жер сілкінісінің дүмпуі Алматы облысында сезілмеген.