Әзербайжанда аза тұту жарияланды

Каспий теңізінде орналасқан мұнай платформасындағы өрт. Әзербайжан, 5 желтоқсан 2015 жыл.

Әзербайжанда Каспий теңізіндегі «Гюнешли» мұнай кенішіндегі өрт оқиғасына байланысты аза тұту жарияланды.

Ел аумағында және шетелдердегі әзербайжандық дипломатиялық өкілдіктерде мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, ойын-сауық шаралары кейінге қалдырылды, елдегі радио және телеарналар мен өзге де медиа мекемелеріне шоу-бағдарламалар беруді тоқтата тұру туралы кеңес айтылды.

Ресми ақпарат бойынша, 4 желтоқсанда мұнай платформасында шыққан өрт салдарынан бір адам қаза тауып, 30 адам хабарсыз кеткен. Барлығы 32 адам құтқарылған. Қазіргі уақытта апат болған жерде құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.