Иран зымыран сынамауы үшін АҚШ қысым жасамақ

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөз сұрап отырған АҚШ елшісі Саманта Пауэр. Нью-Йорк, 20 шілде 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

15 желтоқсан күні БҰҰ "Иран санкцияларды бұза отырып, ядролық сынақ жасауға мүмкіндік беретін зымыран атты" деп хабарлаған еді. Осы хабарламадан кейін АҚШ Иранға зымыран атқызбау үшін қысым жасайтынын хабарлады.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Саманта Пауэр Ұлыбритания, Франция, Германия елшілерімен бірлесе отырып, 10 қазан күні атылған зымыран туралы баяндама жасалуын талап етті. Оның сөзіне қарағанда, АҚШ Ираннан зымыран атпау туралы шектеуді орындауды талап етеді.

Саманта Пауэр "Иран біздің резолюцияларымызды жазаланбай бұза беремін деп ойламасын" деген. Ол бұл сөзін 15 желтоқсан күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иран жөніндегі отырысында айтқан.

Тегеран өзінің ядролық қаруларын қысқарту жөніндегі келісімге шілде айында қол қойған еді.