Астанада бастауыш сыныптарға сабақ тоқтады

Астана бораны. (Көрнекі сурет).

"Астана мектептерінде қатты аяздан бірінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды" деп хабарлайды қалалық білім басқармасы.

Республикалық "Қазгидромет" мекемесінің болжамынша, 21 желтоқсан күні Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы -30, -35 градусқа дейін төмендейді.