Биржада доллар тағы қымбаттады

Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгі саудада АҚШ долларының орташа бағамы 349 теңге 12 тиынды құрады. Бұл 18 желтоқсан күнгі таңертеңгі сауда сессиясында болған бағамнан 7 теңге 18 тиынға артық. Биржада бүгін таңертеңгілік саудада 113 миллион 550 мың доллар сатылған.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 350-351 теңгеден сатылып жатыр.

Қазақстан ұлттық банкі бұған дейін теңге бағамының нарықтық тәсілдер бойынша түзілетінін хабарлаған. Теңге бағамы әлемде мұнай бағасының және Ресей рублінің арзандауымен қатар құлдырап бара жатыр.