Назарбаев университетіне жаңа мәртебе берді

Астанадағы Назарбаев университеті.

Астанадағы Назарбаев университетіне "зерттеу университеті" мәртебесі берілді деп хабарлады ресми БАҚ. Бұл университетке мәртебені беру және оның 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы қаулыны Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов шығарған.

Назарбаев университеті 2010 жылдан білім бере бастаған. Биыл университеттің алғашқы түлектері оқуын аяқтаған. Университетте студенттер ағылшын тілінде білім алады.