Биржада доллар бағамы қымбаттай түсті

Қазақстан теңгесі мен АҚШ доллары. (Көрнекі сурет).

Қазақстан қор биржасында 11 қаңтар күні таңертеңгілік саудада АҚШ долларының орташа бағасы 355 теңге 52 тиынға жетіп, 8 қаңтар күнгі таңертеңгілік сауда сессиясындағы бағамнан 3 теңге 67 тиынға қымбаттады. Таңертең биржада 50 миллион 400 мың доллар сатылған.

Ақша айырбастау орындарында доллар 354-357 теңге аралығында сатылып жатыр.

Теңге құны әлемде мұнай бағасы арзандап, Ресей рублінің құлдырауымен қатар төмендеп жатыр.