ДСҰ: Зика вирусы әлемге қауіп төндіреді

Зика вирусы таралған аймақтар (қызылмен белгіленген) картасы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) Орталық және Оңтүстік Америка елдерінде таралған вирусты халықаралық деңгейде қауіп төндіреді деп жариялады. Жаңа туған балаларда кемістік пайда болуына әкеп соғатын вирусты зерттеген тәуелсіз сарапшылар комитеті ДСҰ-ға оны бүкіл әлемге қауіп төндіреді деп тануға кеңес берген.

28 қаңтар күні ДСҰ басшысы Маргарет Чан адамдарда вирусқа қарсы тұратын иммунитеттің жоқтығына, оны жылдам анықтап, диагноз қоятын және емдеп жазатын препараттардың болмауына байланысты індеттің бұдан ары таралу қаупіне "қатты алаңдайтынын" айтқан.

Зика вирусы маса арқылы әсіресе аяғы ауыр әйелдерге жұғып, оның салдарынан жаңа туған нәрестеде басы мен миының көлемі кішірейіп, ақыл-есінде кемістік пайда болады.

2015 жылдың қазан айынан бері Бразилияда төрт мыңнан астам адамның вирус жұқтырғаны анықталған. Тамыз айында Рио-де-Жанейрода жазғы олимпиада ойындары өтуі тиіс. ДСҰ мәліметі бойынша, биыл Орталық және Оңтүстік Америка елдерінде індет жұқтырғандар саны 3-4 миллион адамға жетуі мүмкін.