Бішкектегі көпқабатты ғимараттағы өрт

Your browser doesn’t support HTML5

Бішкекте жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйдің 13-қабатындағы пентхауста сейсенбінің кешінде өрт шықты. Оқиға орнына жеткен өртке қарсы күрес қызметі бірнеше сағатқа созылған өртті 10 ақпанда түнгі сағат бірге қарай сөндірді. Өрттен ешкім зардап шекпегені туралы хабарланды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр желісіндегі ақау себеп болған.