Головкиннің келесі кездесуі 26 сәуірде өтеді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин кезекті 35-кездесуін 26 сәуірде Лос-Анджелесте америкалық боксшы Доминик Уэйдпен өткізеді.

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) дәрежелері бойынша әлем чемпионы 33 жастағы Головкин осыған дейін 34 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 34 кездесудің 31-ін уақытынан бұрын аяқтаған.

Ал Уэйд 18 кездесу өткізіп, барлық қарсыласынан басым түскен. 12 кездесуде уақытынан бұрын жеңіске жеткен.