Футзал: Қазақстан Еуропа чемпионаты 1/2 финалында ұтылды

Қазақстан футзал құрамасы (Сурет Қазақстан футзал ассоциацияның ресми сайтынан алынды).

Футзалдан Қазақстан құрамасы Сербияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының жартылай финалында Испания құрамасынан 3:5 есебімен ұтылды.

Бразилиялық маман Какау жаттықтыратын Қазақстан құрамасы 9 ақпан күні ширек финалда Италияны 5:2 есебімен жеңген. Италия құрамасы 2014 жылы Еуропа чемпионатын ұтып алған. Қазақстан құрамасынан Довгань, Серік Жаманқұлов пен Лео гол салды.

Қазақстан құрамасы 13 ақпанда үшінші орын үшін таласта жартылай финалда Ресейден 2:3 есебімен ұтылған Сербия құрамасымен ойнайды.

Қазақстан топтық кезеңде Ресейден жеңіліп, Хорватияны жеңген еді.