Рим папасы Франциск пен патриарх Кирилл Кубада кездесті

Your browser doesn’t support HTML5

Рим папасы Франциск пен Орыс православ шіркеуінің басшысы патриарх Кирилл 12 ақпанда Кубада жүздесті. Екі сағат оңаша әңгімелескен соң екі дінбасы қол қойған бірлескен декларацияда халықаралық қауымдастықты Таяу Шығыстағы христиандарды қорғауға шақырды. Бұл – 1054 жылы христиан әлемі екіге бөлініп кеткеннен кейін католик шіркеуі мен әлемдегі ең үлкен православ шіркеуі басшыларының алғашқы өзара кездесуі. (Reuters видеосы.)