СІМ: Анкарадағы құрбандар арасында қазақстандықтар бар-жоғы белгісіз

Анкарада болған жарылыс орны. Түркия, 17 ақпан 2016 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Түркия астанасы Анкарада болған жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғы туралы әзірге мәлімет жоғын хабарлады. Бұл туралы Азаттыққа министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

17 ақпан күні кешке болған жарылыста 28 адам қаза тауып, 60-тан астам адам жараланған. Әзірге жарылысқа жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ. Алдын ала болжам бойынша, шабуылда әскерилер мінген автобус колоннасы нысанаға алынған.