Пентагон: Гуантанамодағы түрме жабылады

Гуантанамодағы әскери түрме. 11 қаңтар 2002 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ қорғаныс министрлігі Гуантанамодағы әскери түрмені жабатындарын мәлімдеді.

Түрмедегі тұтқындардың 35-і басқа елдердің биліктеріне табыс етілмек, 60 шақтысы АҚШ аумағындағы басқа түрмелерге жіберіледі. Пентагон өкілінің сөзінше, бұл жобаның шығыны 290-475 миллион доллар шамасында болады.

АҚШ президенті Барак Обама Гуантанамодағы әскери түрмені сақтап қалу елдің ұлттық мүддесіне кесірін тигізетінін айтты.

АҚШ-тың Кубадағы Гуантанамо әскери базасында терроризм айыбымен сотталған адамдар жазасын өтеп жатыр.