Ақтөбеде "Сирияға кетпек болғандар" ұсталған

Ақтөбе облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Ақтөбе облысы аумағында Сирияға аттанбақ болған 11 адам ұсталған. Бұл туралы Ақтөбе облыстық прокуратурасы хабарлады. Оқиға 19 ақпан күні болған.

Ақтөбе облыстық прокуратурасының сайтында жариялаған ақпаратта «Олардың барлығы Сирия Араб Республикасы аумағындағы соғыс жүріп жатқан аймақтарда қарулы қақтығысқа қатысуға кетпек болған. Қазақстан заңдарына сай бұл азаматтардың әрекеттері қылмыс болып саналады» деп жазылған.

Күдіктілер ұсталып, тергеу басталған.