Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев қазақстандықтарға қаржысын теңгедей және валюта түрінде ұстауға кеңес берді.
Астанада сенаттың пленарлық отырысында сөйлеген Ақышев "ұлттық валюта - теңгенің айырбас бағамы бірде әлсіреп, бірде күшейіп тұрған шақта ақшанының жартысын теңгедей, жартысын валюта күйінде ұстау керегін" айтты.
Ұлттық банк 1 ақпаннан бастап жеке азаматтардың екінші деңгейлі банктерде теңгемен ашқан депозитінің сыйақы мөлшерлемесін 10 пайыздан 14 пайызға көтеріп, шетел валютасымен ашқан депозитінің сыйақы мөлшерлемесін 3 пайыздан 2 пайызға түсірген.