Алматыдан 732 километрде жер сілкінді

Көрнекі сурет.

Сенбі күні Алматыдан 732 километр қашықтықта 4,9 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген.

Білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік орталығының хабарлауынша, жер сілкінісі Тәжікстан аумағында, Алматы уақыты бойынша сағат 19:52 кезінде болған.

Жер сілкінісі жердің 10 километр терең қабатында болған. Жерасты дүмпуінің өзге аймақтарға сезілгені туралы мәлімет жоқ.