Ақмола облысында 104 адам бораннан құтқарылды

Ақмола облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Ақмола облысында жолда қар құрсауында қалып қойған жүзден астам мен 34 көлік құтқарылды. Қар құрсауынан шығарылғандардың 11-і  - балалар.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қолайсыз ауа-райы, жолдың нашар көрінуі, бұрқасын, тұман мен көктайғақтан облыста барлық жолдар жабылған.