Шымкентке қайта қар түсті

Шымкентке жауған қар көрінісі. 17 наурыз, 2016 жыл.

Бүгін түстен кейін Шымкентте қайта қар түсті. Үш күннен бері жауып тұрған нөсер жауын арты қарға айналды.

Шымкентте 15-наурыз күні басталған жауын бүгін түске дейін жалғасты. Қаладағы кейбір көшелерді жауыннан су шайып, тұрғындардың жүріп-тұруына ыңғайсыздық тудырды.

"Қазгидромет" мекемесінің мәліметінше, қазір Шымкенттегі ауа-райы 1 градус жылы. Қалада ертең күн жылынып, 6 градусқа дейін көтеріледі деп болжанып отыр.

Ақпан айының ортасында Шымкентте күн күрт ысып, көктем ерте туған болатын. Ағаштар бүршік жарып, өрік, шие сынды ерте пісетін жеміс ағаштары гүлдеп, түйіндей бастаған. Тұрғындар күн қайта күрт суытса гүлдеген жеміс ағаштарын үсік шалады деп қауіптенген.

Шымкентке қар жауғаны туралы видео

Your browser doesn’t support HTML5

Шымкенттегі қар