ОСК: Сайлаушының 75 пайызы дауыс берді

Байқоңыр қаласындағы сайлау учаскесі. Қызылорда облысы, 20 наурыз 2016 жыл.

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) ақпараты бойынша, сағат 18.00-ге дейін сайлаушылардың 75 пайыздан астамы дауыс берген.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылғы 20 наурыз күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 75,16 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды дейді ОСК. ОСК мәліметінше, бұл - Қазақстанда бұрын болған парламенттік сайлаулар үшін рекордтық көрсеткіш.

Сайлауға қатысу қарқыны Алматы облысы бойынша – 92,67 %, Ақмола облысы бойынша – 78,68 %, Ақтөбе облысы бойынша - 78,28 %, Атырау облысы бойынша – 82,91 %, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 70,03 %, Жамбыл облысы бойынша – 79,97 %, Қарағанды облысы бойынша – 76,74 %, Қостанай облысы бойынша – 82,57%, Қызылорда облысы бойынша – 79,84 %, Маңғыстау облысы бойынша – 73,12%, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 83,4 %, Павлодар облысы бойынша – 70,55 %, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 80,09 %, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 80,52 %, Астана қаласы бойынша – 73,78 %, Алматы қаласы бойынша – 32,23 % болған.

Дауыс беру ел бойынша 9840 сайлау учаскесінде өтіп жатыр. Дауыс беру сағат 20:00-де аяқталады. Батыстағы басқа сағаттық белдеуде орналасқан Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында дауыс беру бір сағатқа кеш (Астана уақыты бойынша сағат 21:00) аяқталады. Бұдан соң дауыстарды санау басталады.

Сайлаушылар белсенділігі туралы алдын ала мәлімет сағат 22-ден кейін жарияланбақ.