Қазақстан FIFA рейтингінде 9 саты жоғарылады

Қазақстан құрамасының ойыншылары.

Бүгін FIFA жариялаған әлемдік рейтингте Қазақстан тоғыз саты жоғарылап, 116-орынға шықты. Өткен айда Қазақстан құрамасы 125-орында тұрған.

Қазақстан 26 наурызда Әзербайжан құрамасын жолдастық матчта 1:0 есебімен жеңген. Ал 30 наурызда Грузиямен 1:1 есебімен тең түскен. Осы нәтиже үшін Қазақстан FIFA рейтингінде 24 ұпай алған.

Рейтингте Аргентина, Бельгия, Чили алғашқы үштікке енген. Украина 22, Ресей 27, Өзбекстан 66, Қырғызстан 100-орында тұр.