Обама Сауд Арабиясы, Ұлыбритания мен Германияға барады

Барак Обама, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Барак Обама Сауд Арабиясы, Ұлыбритания мен Германияға алты күндік сапарын бастады.

Обама сапарында жүрген журналистердің хабарлауынша, Эр-Риядқа барар жолында Обама Германиядағы Рамштайн қаласы түбіндегі америкалық әуе базасына соғады. Ақ үй Лондонда Обамаға АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обама қосылатынын хабарлады.