Қырғызстан парламентінің спикері сайланды

Қырғызстан парламенті спикері Чыныбай Турсунбеков.

Қырғызстанның төртінші шақырылымдағы парламентінің спикері болып бүгін Чыныбай Турсунбеков сайланды. Парламент депутаттары спикерді пленарлық отырысында сайлады. Спикерлікке Турсунбековтен өзге "Онугуу-Прогресс" фракциясынан Исхак Масалиев те үміткер болған.

Құпия дауыс беруге 120 депутат қатысқан. Турсунбековтің кандидатурасын 88 депутат, Масалиевті 26 депутат қолдап дауыс берген.

Турсунбековтің кандидатурасын президенттің Социал-демократиялық партиясы ұсынып, "Республика - Ата Жұрт", "Ата Мекен" және "Қырғызстан" фракциялары қолдаған.

Екі апта бұрын Асылбек Жээнбеков ағасы Сооронбай Жээнбеков премьер-министр болып тағайындалуына байланысты парламент спикері қызметінен кеткен. Қырғызстан заңдары бойынша, туыс адамдар мемлекеттік жоғары лауазымды қызмет атқара алмайды.