Алматыда бүгін «Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы InternetCA-2016» деп аталатын жетінші Орталық Азия форумы басталды.
MediaNet халықаралық журналистика орталығы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының кеңсесі және Конрад Аденауэр атындағы қор демеушілігімен өтіп жатқан форумда интернеттегі ксенофобия, насихат, ақпараттық соғыс, деректерді бұрмалау және қолданушылардың шыдамсыздық әрекеттері талқыланады. Сонымен қатар, "деструктивті контент" - ксенофобия, "насихат", "төзімсіздікке" жол бермеу, балаларды интернеттегі зорлық-зомбылықтан сақтау әдістері де қозғалып жатыр.
Форумға мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, шетелдік сарапшылар, журналистер, депутаттар, заңгерлер, ЕҚЫҰ-ның сөз бостандығы мәселесі жөніндегі өкілі Андрей Рихтер қатысып жатыр.
Форум 13 мамырға дейін жалғасады.