Канада хоккейден әлем чемпионы атанды

Канада хоккей құрамасы әлем чемпионаты ойыны кезінде. Ресей, мамыр 2016 жыл.

Канада Ресейде өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатының ақтық ойынында Финляндияны 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Мәскеуде өткен ойынды тамашалауға Ресей президенті Владимир Путин келді.

Канада осымен 26-рет әлем чемпионы атанып отыр.

Чемпионаттың жартылай финалында Ресей құрамасы АҚШ құрамасын 7:2 есебімен ұтып, қола медаль ұтып алды.