Грузияда бірнеше ауыл бұршақтан зиян шекті

Грузиядағы бұршақ салдары. (Көрнекі сурет.)

Грузияның Душет ауданындағы бірнеше ауылда қалың бұршақ жауып, шаруашылыққа зиян келтірген. Әсіресе Эбниси ауылында көктеп тұрған жеміс-жидек түптерін бұршақ жайпап кеткен деп хабарлайды «ИнтерпрессНьюс».

Табиғи апат болған аймақта болған Душет муниципалитеті басқармасы өкілі Зураб Джариашвили мемлекет келген шығын көлемін анықтап, тұрғындарға жәрдем көрсетеді деп мәлімдеген.