Рим папасы «Цицернакаберд» мемориалдық кешенінде болды

Your browser doesn’t support HTML5

Ереванда сапармен жүрген Рим папасы Франциск 25 маусымда өткен ғасырда геноцид құрбаны болған армяндарға орнатылған «Цицернакаберд» мемориалдық кешенінде болды. Понтифик геноцид құрбандарына арналған мемориал мен мәңгілік алауға гүл қойып, 1915 жылы Осман империясы тұсында жаппай қырғынға ұшырағандарды еске алып, құрмет білдірген. Папамен бірге мемориалға Армения президенті Серж Саргсян және барлық армяндар Католикосы екінші Гарегин де барды. (Азаттықтың Армян қызметінің видеосы)