Джон Керри Мәскеуде Лавровпен кездеседі

Сергей Лавров (оң жақта) пен Джон Керри.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри осы аптада Мәскеуге келіп, Ресейдің жоғары лауазымды шенеуніктерімен кездесіп, Сирия мен Украинадағы және Таулы Қарабақтағы Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығысты талқылайды. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Керри Франциядағы Бастилияны алу күніне орай ұйымдастырылатын салтанатты шарадан кейін Мәскеуге ұшады. Сапар барысында Керри Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездеседі.