Байқоңырдан Ресейдің «Союз-У» зымыран тасығышы ұшырылды

Көрнекі сурет.

Бүгін Астана уақытымен сағат 03:50 кезінде Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің «Союз-У» зымыран тасығышы ұшырылды. Бұл туралы ресейлік «Роскосмос» өкіліне сілтеме жасап, «Новости» агенттігі хабарлады.

Зымыран халықаралық ғарыш станциясына екі тонна жүк жеткізуге арналған «Прогресс МС-03» кемесін ғарышқа шығарған.

Жоспар бойынша, «Прогресс МС-03» кемесі халықаралық ғарыш станциясымен 19 шілде күні түйісуі керек.