Қырғызстан Қазақстанмен шекарадағы күзетті күшейтті

Көрнекі сурет.

Алматыдағы оқиғаға байланысты Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында күзет күшейтілген. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметіне Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметі хабарлаған.

Қырғызстан шекара қызметінің мәлімдеуінше, екі ел шекарасына қосымша офицерлер мен солдаттар жіберілген.

Алматыда бүгін түске белгісіз қарулы адамдар Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасағаны хабарланған. Куәгерлердің айтуы бойынша, атыс үні қаланың бірнеше бөлігінде естілген. Ресми ақпарат бойынша, қаза тапқандар арасында үш полиция қызметкері мен бір бейбіт тұрғын бар. Жеті полиция жарақат алған.

Республикалық антитеррорлық орталық шабуылға байланысты Алматы аумағында террорлық қауіп-қатердің "қызыл" деңгейін жариялаған.