Солтүстік Корея Жапон теңізіне зымыран ұшырды

Солтүстік Корея ұшырған зымырандарының бірі (Көрнекі сурет).

Солтүстік Корея Жапон теңізіне бағыттап үш баллистикалық зымыран атты. BBC-дің Оңтүстік Корея әскерилеріне сілтеме жасап хабарлауынша, зымырандар Солтүстік Кореяның оңтүстігіндегі Хванхэ-Пукто провинциясынан ұшырылған. Оңтүстік кореялық әскерилер 500-600 шақырым қашықтықты ұшып өткен зымырандар елдегі кез-келген нысанға тие алатынын айтады.

Шілденің басында АҚШ пен Оңтүстік Корея Корей түбегінде Солтүстік Кореяның қауіп-қатеріне қарсы зымыранан қорғаныс жүйесін құру жөнінде келісім-шарт жасалқан.

THAAD (Terminal High Altitude Area Defense) деп аталатын қорғаныс жүйесі баллистикалық зымыран мен өзге де биікте ұшатын зымырандарды қағып түсіреді деп есептеледі.

Наурыз айында БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянның ядролық сынақ жасағаны мен алысқа ұшатын зымыран ұшырғанына жауап ретінде Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды күшейту туралы қарар қабылдаған болатын.