Киевте журналист Павел Шеремет қаза тапты

Your browser doesn’t support HTML5

Украина астанасында бүгін таңертең белгілі журналист Павел Шеремет қастандық құрбаны болды. Ол істеген «Украинская правда» басылымының хабарлауынша, редакцияға бағыт алған журналист отырған автокөлік орнынан қозғалған соң оншақты метр ғана жүріп өтіп, іле-шала жарылыс болған. Автомобильдің иесі – «Украинская правда» газетінің басшысы Алена Притуланың өзі көлікте болмаған.