Биржада доллар бағамы тағы қымбаттады

Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында АҚШ долларының бағамы үшінші күн қатарынан көтерілді. Бүгін биржада таңертеңгілік сессияда доллар бағамы 347 теңге 86 тиынға жетті. Бұл - Қазақстан ұлттық банкі 26 шілде күні белгілеген ресми бағамнан 3 теңге 98 тиынға артық.

Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 348-349 теңге аралығында сатылып жатыр.

Кеше әлемде мұнай баррелі мамыр айының басынан бергі ең төменгі баға - 45 долларға дейін түскен. Brent маркалы мұнай баррелі шілденің басынан бері 50 доллардан 26 шілдеде 44,80 долларға дейін (11 пайыз) арзандады.