Ресей екі қырғыз азаматын радикализмді насихаттады деп елден шығарды

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің бас кеңсесі, Мәскеу (Көрнекі сурет).

Ресейде Қырғызстанның екі азаматы радикалды ислам идеологиясын насихаттады деген айыппен айыппұл салынып, елден депортацияланды. Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің мәлімдеуінше, қырғызстандық екі ер адамның Ресейге кіруіне бес жылға дейін тыйым салынған. Қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, екі қырғыз азаматы Челябинск облысы тұрғындарының арасында салафизм идеясын таратқан. Айып салынғандардың аты-жөні жарияланбады.

Постсеветтік бірнеше елде исламның салафилік бағыты экстремистік ағым деп саналады. Салафиттер сүнниттік исламның қатаң формасын ұстанады және исламның басқа бағыттары, мәселен шииттік пен сопылықты мойындамайды.

Биыл бұдан бұрын Ресейдің Башқұртстан республикасымен және Қазақстанмен шекаралас Челябинск облысында радикалды ислам идеяларын насихаттады деген айыппен бірнеше адам ұсталып, сотталған.