Бағдадта ауруханадағы өрттен 11 нәресте қаза болды

Бағдадтағы ауруханалардың бірі (Көрнекі сурет).

Ирак астанасы Бағдадта аурухана өртеніп, жаңа туған 11 нәресте қаза тапты.

Ирак денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Ахмед әл-Рудайнидің айтуынша, өрт Бағдадтың батысындағы Ярмук ауруханасының перзентханасында 9 тамыз күні түнге қарай болған.

Министрлік мәліметінше, алдын ала ақпараттарға қарағанда өртке электр сымдарының тұйықталып қалуы себеп болған.