Украинада елді мекенді атқылады

Your browser doesn’t support HTML5

Кеше Украинаның шығысындағы Луганск облысында Счастье елді мекеніндегі тұрғын үйлердің біріне миномет оғы түскен. Екі сағат бойы минометтен оқ жауғандықтан, жүздеген пәтер қираған. 31 жастағы әйел басынан жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатыр. Әскерилер елді мекенді калибрі 120 миллиметрлік минометтерден ресейшіл сепаратистер атқылағанын айтады. Кейбір тұрғындар тығылып үлгермеген. Өйткені, бітім шарты бойынша мұнда жарты жылдай тыныштық болған еді. (Видео - орыс тілінде)