Ташкентте Ислам Каримовпен қоштасты
Your browser doesn’t support HTML5
Ташкентте бүгін таңертең Өзбектан президенті Ислам Каримовті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Қыркүйектің 2-сі күні 78 жасында қайтыс болған марқұмның денесін оның туған қаласы Самарқанға жеткізіп, бүгін сонда жерлейді. Ташкент ауруханасынан әуежайға қаралы кортеж жүріп өткен жол бойына мыңдаған тұрғын шықты. (Азаттықтың Өзбек қызметі жариялаған әуесқой видеосы.)