Дариға Назарбаева сенат депутаты болды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның қызы Дариға Назарбаева. Астана, 27 сәуір 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы, 2015 жылдың қыркүйек айынан бері премьер-министрдің орынбасары болып келген Дариға Назарбаева ел президентінің жарлығымен сенат депутаты атанды.

Бүгін президент Назарбаев премьер-министрдің екі орынбасарын және министрлерді тағайындаған. Ол үкімет құрамына құрылымдық өзгерістер енгізіп, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл министрлігін агенттікке ауыстырған, жаңадан дін істері мен азаматтық қоғам министрлігін ашуға жарлық еткен.