Бішкектегі ТМД саммитінде үш мың полиция қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Қырғызстан полициясы.

16 қыркүйекте Бішкекте өтетін ТМД саммитінде қауіпсіздік шараларын үш мың полиция қамтамасыз етеді. Бұл туралы Қырғызстан ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Делегация жүретін жолдар, негізгі іс-шаралар өтетін орындарда күзет күшейтіліп, 15-17 қыркүйекте Бішкектің бірнеше көшелері мен "Манас" әуежайына апаратын жолда көлік қозғаласы шектетіледі.

Бішкектегі ТМД саммитіне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.