Клинтон мен Трамп әлемдік лидерлермен кездесті

АҚШ президенттігіне кандидат Хиллари Клинтон (оң жақта) мен Украина президенті Петр Порошенко.

АҚШ президенттігіне кандидаттар Хиллари Клинтон мен Дональд Трамп Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының жиынына келген бірнеше әлемдік лидерлермен кездесті.

Клинтон Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ, Египет президенті Абдел Фаттах әл-Сиси және Украина президенті Петром Порошенкомен кездесті.

Египет президенті әл-Сиси Клинтонмен кездесуден кейін Манхэттен орталығында Трамппен жолыққан.

Бұған дейін Трамп Клинтон мен Обаманың терроризмге қарсы саясаты әлсіз болды және соның салдарынан АҚШ-тың ішкі қауіпсіздігі әлсіреді деп айыптаған. Ал Клинтон "Трамптың сөздері "Ислам мемлекетіне" қосылуға шақырады" деп айтқан.