Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Англиядан ұтылды

Футболдан Қазақстан мен Англияның жастар құрамалары арасындағы кездесу. Ақтөбе, 6 қазан 2016 жыл.

Ақтөбеде футболдан Қазақстан мен Англияның жастар құрамалары арасында 2017 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнир аясында матч өткізді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, ойынның бесінші минутында Қазақстан құрамасының қақпасына "Лестер Сити" командасының ойыншысы Демарай Грей гол соғып, Англия құрамасы топта алдыға шықты. Бұл матч қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы бес команда арасында төртінші орында тұр.

11 қазанда Қазақстан құрамасы Ақтөбе стадионында Норвегия құрамасымен кездеседі.