Шведова - Қазақстанның бірінші ракеткасы

Ярослава Шведова.

Халықаралық әйелдер теннисі ассоциациясы (WTA) жариялаған жаңа рейтингте қазақстандық теннисші Ярослава Шведова 39-орыннан 32-орынға көтерілді. Ал Юлия Путинцева 33-орыннан 34-орынға түсті. Шведова - осы аптадан бастап Қазақстанның бірінші ракеткасы.

Шведова осы аптада аяқталған Пекиндегі China Open жарысының ширек финалына шығып, рейтингіне 195 ұпай қосты (1517 ұпай).

Қазақстандық тағы бір теннисші Зарина Дияс 145-орында қалды. Дияс үшін биылғы маусым аяқталды. Ол қолынан жарақаттануына байланысты операция жасатқан.

Рейтингте германиялық Анжелика Кербер бірінші орында, америкалық Серена Уильямс екінші орында, польшалық Агнешка Радванска үшінші орында тұр.