Сахаров сыйлығы босқын езид әйелдеріне берілді

Your browser doesn’t support HTML5

Еуропарламент Андрей Сахаров атындағы «Ой еркіндігі үшін» сыйлығы иегерлерін жариялады. Адам құқығы саласындағы халықаралық сыйлық биыл Ирактағы азшылық топқа жататын езидтер өкілдері Надиа Мурад Баси мен Ламийя Аджи Башарға берілді. 2014 жылы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының қолына түсіп, бірнеше ай күңдік азабын тартқан бұл екі әйел кейін тұтқыннан қашып шыққан. Қазір олар «Ислам мемлекеті» тобының іс-әрекетінен зардап шеккен балалар мен әйелдер құқығын қорғаумен белсенді айналысып жүр. Еуропарламент 1988 жылы тағайындаған Сахаров сыйлығы жыл сайын адам құқығын қорғауға ерекше үлес қосқан азаматтарға беріледі. (Reuters-тің орысша видеосы.)