Астанада бүгін де бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылды

Астана көшелерінде қар күреп жүрген жұмысшылар (Көрнекі сурет).

Астанада бүгін де қатты аяздан мектептерде бірінші ауысыммен оқитын бастауыш сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Бастауыш сынып оқушыларына сабақ кеше де болмаған.

Қала әкімдігінің ресми сайтында "Температураның төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды" деп хабарланған.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, бүгін таңертең Астанада ауа температурасы -28 градус аяз болып тұр.